БОКС

Астанада Қазақстандағы әйелдер боксының дамуы талқыланады

6 қыркүйекте Астанада Boxing Talks сериясы аясында «Қазақстандағы әйелдер боксы» тақырыбында кездесу өтеді.

Іс-шараға халықаралық және отандық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандық боксшы қыздар, сондай-ақ чемпиондарды дайындап жүрген жаттықтырушылар қатысады.

Кездесуде Қазақстандағы әйелдер боксының қалыптасуы мен даму тарихы, спортшылардың жетістіктері, бұл бағытты кеңінен насихаттау және оның болашағы талқыланады. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әйелдер боксын одан әрі дамытуға қатысты пікірлерін ортаға салады.

Сонымен қатар, Boxing Talks аясында әйелдер боксына арналған арнайы фотокөрме ұйымдастырылады.

Іс-шара Астанадағы OzgeEpic креатив хабында (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 12а) өтеді. Басталуы – сағат 16:00-де.

Басқа жаңалықтар

Back to top button