БОКС

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарына арналған арнайы футболканы таныстырды

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрамаға арналған арнайы футболканы көпшілікке таныстырды.

Федерация бұл футболкаларды жанкүйерлерге де сыйға тартуды жоспарлап отыр. Ол үшін Boxingkazakhstan Instagram парақшасына жазылып, арнайы жарияланымның астына ерекше пікір қалдыру және жазбаны стористе бөлісу қажет.

Байқау қорытындысында ең ерекше тілек жазған екі жанкүйерге және ең көп лайк жинаған екі қатысушыға футболка табысталады. Жеңімпаздар 9 қыркүйекте анықталады.

Биылғы Азия ойындарында Қазақстан боксшылары ерлер арасында алты, әйелдер арасында бес салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин жариялаған тізім бойынша Жапонияда Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Жазғы Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button