БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан нысана көздеуден Әлем кубогына 15 спортшымен барады

Испанияның Гранада қаласында 5 сәуірде нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі басталады.

Халықаралық ISSF жариялаған тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы жарысқа 15 спортшымен қатысады.

Құрама сапында Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов, Артемий Кабаков, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Валерия Поспелова, Валерий Рахымжан, Никита Шахторин, София Шульженко, Ирина Старова және Руслан Юнусметов бар.

Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік мергендерімен бірге жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыс 13 сәуірге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button