Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1 сәуірде семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталады.
Әлем біріншілігіне 1000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан 17 семсерлесуші бақ сынайды.
Қылыш қаруында жасөспірімдер арасында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Ерхан Қараман, Қанағат Шерім, Сұлтан Станбек, Әдемі Серікбай, Қайша Жәнібек және Наргиз Сайдуллаева өнер көрсетеді. Кадеттер санатында Айбар Қайым ел намысын қорғайды.
Шпага бағдарламасында жасөспірімдер арасында Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Нариман Уәлихан және Жанарбек Жанұзақов сынға түседі. Кадеттер арасында Александр Шешин мен Полина Лесовская қатысады.
Рапирада Тимофей Семенов, Мансұр Естеу және София Актаева жекелей сайыста өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 сәуірге дейін жалғасады.



