БАСҚАЛАРЫ

«Қазцинк» олимпиадалық спортты қолдауға 1,4 млрд теңге бөледі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Қазцинк арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімге сәйкес, компания еліміздегі олимпиадалық қозғалысты дамытуға 1,4 млрд теңгеге дейін қаржы бөлмек. Қаражат басым спорт түрлерін қолдауға және ұлттық федерациялардың жұмысын күшейтуге бағытталады.

Компания бас директоры Жанат Жанботин бұл бастама спортшыларды даярлау деңгейін арттырып, халықаралық жарыстардағы нәтижелерге оң әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде ҰОК президенті Геннадий Головкин бизнес қолдауының спортты дамытудағы маңызы зор екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай әріптестік ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Қазцинк» жоғары жетістіктер спортын қолдауға екінші жыл қатарынан инвестиция салып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button