БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан гимнастары Софиядағы Әлем кубогында көпсайысты аяқтады

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде жеке көпсайыс бәсекелері қорытындыланды.
Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетті.
Ертайқызы 107.300 ұпай жинап, жалпы есепте 14-орынға тұрақтаса, Мейіржанова 102.800 ұпаймен 29-нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс украиналық Таисия Онофрийчук еншісінде кетті. Күміс жүлдені болгариялық Стилиана Николова алса, үздік үштікті италиялық София Раффаэли түйіндеді.



