БОКС

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатын сәтсіз бастады

Ұлан-Батырда (Моңғолия) басталған бокстан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз өтті.

51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева Солтүстік Корея өкілі Кум Бьель Анға қарсы жекпе-жекте жарақат алып, үшінші раундта кездесуді жалғастыра алмады. Нәтижесінде жеңіс қарсыласқа берілді.

Ал 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова үндістандық Притиге қарсы айқаста жеңіліс тапты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікті екі жеңіліспен бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button