БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық гимнастар Грекиядағы халықаралық турнирге қатысады

20–22 наурыз аралығында Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан Aphrodite Cup халықаралық турнирі өтеді.
Федерацияның мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарыста жекелей және топтық жаттығулар бойынша өнер көрсетеді.
Жекелей жаттығуларда ел намысын Айым Мейіржанова, Дария Күшербаева, Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек, Линара Жайлауова, Анна Рубцова және Анель Динишева қорғайды.
Топтық жаттығулар құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова бар.
Халықаралық турнирде спортшылар бірнеше бағдарлама бойынша медальдар үшін таласады.


