БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан велошабандоздары тректегі Азия чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Филиппиннің Тагайтай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Құрлықтық додада ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі белгілі болды.

Ерлер құрамасы: Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов, Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов, Дмитрий Резанов.

Әйелдер құрамасы: Рината Сұлтанова, Мария Елькина, Ангелина Буренкова.

Азия чемпионаты 21–31 наурыз аралығында өтеді. Турнир барысында спортшылар тректегі велоспорттың бірнеше бағдарламасы бойынша медальдар үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button