БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан чемпионатына үстел теннисінен ұлттық құраманың көшбасшылары қатысады

16 наурызда Алматы қаласында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды.
Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып жатыр. Олардың қатарында ұлттық құраманың бірқатар жетекші ойыншылары да бар.
Атап айтқанда, чемпионатта Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская және басқа да спортшылар бақ сынайды.
Жарыс барысында спортшылар командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптар санаттарында медальдар үшін таласады.
Қазақстан чемпионаты 22 наурызда аяқталады.



