БАСҚАЛАРЫ
WTT Singapore Youth Smash: Алан Құрманғалиев жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады

Singapore қаласында өткен беделді жастар турнирі – WTT Singapore Youth Smash аяқталды.
Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев U19 жас санатында сәтті өнер көрсеткенімен, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Жарыс барысында ол Доминикас Самуолис (Дания) – 4:1, Ю Хайян (Қытай) – 4:1, Сеа Бенайя (Сингапур) – 4:3 және Лой Син Яо (Сингапур) – 4:0 есебімен жеңді.
Алайда ширек финалда колумбиялық Эмануэль Отальваромен өткен тартысты матчта 3:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, жартылай финалға жолдама алған жағдайда қазақстандық спортшы кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етер еді.



