БОКС

Екі қазақстандық боксшы «Странджа» турнирінің финалына жолдама үшін жұдырықтасады

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» кубогында Қазақстан құрамасының екі өкілі жартылай финалға шықты.

Ерлер арасындағы ширек финалдық кездесулер қорытындысы бойынша Даниял Сәбит (50 кг дейін) пен Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін) финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.

Ал Бағлан Кенжебек (55 кг дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 кг дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 кг дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг дейін), Бекзат Таңатар (85 кг дейін), Нурмагамед Юсупов (90 кг дейін), Дәулет Төлемісов (90 кг дейін) және Нұрлан Сапарбай (90 кг-нан жоғары) турнирді ширек финал кезеңінде аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button