БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық семсерлесушілер Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын алды

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті.

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, қорытынды есепте алтыншы орынға тұрақтады. Турнир барысында отандық семсерлесушілер Португалия мен Германия құрамаларын жеңіп шықты. Алайда 1/4 финалда Швейцария командасына жол берді.

Қазақстан намысын Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.

Жарыстың қорытындысы бойынша Франция құрамасы жеңімпаз атанса, Оңтүстік Корея күміс медаль иеленді. Ал Нидерланд құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осы Әлем кубогы кезеңінде жекелей сында қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов алтын медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button