БАСҚАЛАРЫ
Велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында 5 ақпан күні тас жолдағы велоспорттан Азия біріншілігінің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды.
Бапкерлер штабының шешімімен құрамға келесі спортшылар енді:
-
Ерлер (Элита және U-23): Даниил Марухин, Вадим Пронский, Антон Кузьмин, Евгений Федоров, Николас Винокуров, Диас Рысбай, сондай-ақ Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный және Владислав Башлыков.
-
Әйелдер (Элита және U-23): Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова мен Виолетта Казакова.
Айта кетейік, сары құрлықтың басты додасы 12 ақпанға дейін жалғасады.



