БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

4–8 ақпан күндері Қытайдың Хайкоу қаласында үстел теннисінен 35-ші Азия кубогы өтеді. Турнир қарсаңында жарыстың топтық кезеңіне арналған жеребе тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Ерлер арасындағы бәсеке
3-топ
- Томокази Харимото (Жапония)
- Вонг Чун Тин (Қытай Гонконгы)
- Ляо Чэн-Тин (Қытай Тайбэйі)
- Айдос Кенжіғұлов (Қазақстан)
4-топ
- Сян Пэн (Қытай)
- Кирилл Герасименко (Қазақстан)
- Чан Ю-Ань (Қытай Тайбэйі)
- Алхадрави Али (Сауд Арабиясы)
6-топ
- Тогами Сюнсукэ (Жапония)
- Чэнь Юаньюй (Қытай)
- Бхаттачарджи Анкур (Үндістан)
- Алан Құрманғалиев (Қазақстан)
Әйелдер арасындағы жарыс
5-топ
- Ван Иди (Қытай)
- Нагасаки Мию (Жапония)
- Сэр Линь Цянь (Сингапур)
- Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан)
8-топ
- Хаята Хина (Жапония)
- Шин Юбин (Оңтүстік Корея)
- Хуан Ю-Цзе (Қытай Тайбэйі)
- Зәуреш Ақашева (Қазақстан)
Ереже бойынша әр топта алғашқы екі орын алған спортшылар жарыстың келесі кезеңіне өтіп, Азия кубогының жүлделері үшін күресті жалғастырады.



