БАСҚАЛАРЫ

Үстел теннисі: әлем чемпионатында Қазақстан құрамаларының топтағы қарсыластары белгілі болды

Ұлыбританияның Лондон қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Дүбірлі дода 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді.

Әлем біріншілігіне ерлер мен әйелдер санатында 64 құрамадан қатысады. Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамаларының топтағы қарсыластары анықталды.

Ерлер арасындағы 11-топта Қазақстан құрамасы Мысыр, Таиланд және Түркия командаларымен бір топқа түсті.

Әйелдер арасындағы 5-топта қазақстандықтар Чехия, Бразилия және Моңғолия құрамаларымен кездеседі.

Топтық кезең нәтижелері бойынша үздік командалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button