БАСҚАЛАРЫ

Алан Құрманғалиев Қатардағы халықаралық турнирде қос жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Дохада өткен WTT Youth Star Contender турнирін табысты аяқтап, екі бірдей медаль еншіледі.

Жекелей сында отандасымыз бес кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол үндістандық Абхинандх Прадхивадхиге жол бергенімен, турнир қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар Құрманғалиев жұптық сайыста да жүлдесіз қалған жоқ. Ол литвалық Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді.

Осылайша Алан Құрманғалиев халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті табысты нәтиже қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button