БАСҚАЛАРЫ

Астанада спорт менеджерлеріне арналған Olympic Solidarity оқу курсы қорытындыланды

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бастамасымен Olympic Solidarity бағдарламасы аясында ұйымдастырылған спорт менеджерлеріне арналған білім беру курсы аяқталды.

Оқу бағдарламасы отандық спорт менеджментін дамытуға бағытталып, ұлттық федерациялар мен түрлі спорт ұйымдарында жұмыс істейтін мамандарды қамтыды. Курс барысында қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, сала мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Бағдарлама мазмұны қазіргі спортты басқарудың өзекті бағыттарына негізделді. Сабақтарда спорт федерацияларын тиімді басқару, халықаралық ынтымақтастық, спорттық дипломатия, сондай-ақ басқару жүйесіне цифрлық технологиялар мен заманауи шешімдерді енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар медиамен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері, спорттық жобаларды бренд ретінде дамыту, коммуникациялық стратегиялардың спорт саласындағы маңызы ерекше назарға алынды. Курс спорт менеджерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, отандық спортты жүйелі дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button