БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы WTT Star Contender Doha турниріндегі өнерін аяқтады

Дохада (Қатар) үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты аяқтады. Турнирге Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова қатысып, іріктеу кезеңінде негізгі жеребеге өте алмады.

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

Жекелей сын:

  • Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) — 2:3

  • Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) — 3:0

  • Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) — 0:3

Әйелдер жұптық сын:

  • Миркадирова / Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Батра / Читале (Үндістан) — 0:3

Аралас жұптық сын:

  • Харки / Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) — 0:3

Қазақстандық теннисшілер енді маусымдағы келесі халықаралық турнирлерге дайындықты жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button