БАСҚАЛАРЫ
«Жетісу» волейбол клубы Қазақстан суперкубогін бесінші рет жеңіп алды

Өскемен қаласында волейболдан ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында өтіп жатқан кіші тур аясында Қазақстанның суперкубогі сарапқа салынды.
Биылғы суперкубок үшін Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) мен ел кубогының иегері «Тұран» (Түркістан) командасы күш сынасты.
Талдықорғандық клуб сербиялық бапкер Марко Гршичтің, ал «Тұран» командасы Асқар Шалқыбековтың жетекшілігімен ойын көрсетті.
Қарсыласу 3:0 (25:22, 25:22, 25:17) есебімен «Жетісу» пайдасына шешілді.
Бұл жетістікпен «Жетісу» тарихында бесінші рет суперкубок иегері атанды. Бұған дейін клуб 2015, 2018, 2019 және 2024 жылдары да жеңіске жеткен еді.


