БАСҚАЛАРЫ
Руслан Курбанов Әлем кубогында үздік он бірлікке енді

БАӘ-нің Фуджейра қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жеке сында Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Руслан Курбанов көрсетті. Ол 1/8 финалға дейін жетіп, жарысты 11-орынмен түйіндеді.
Қалған отандастарымыздың нәтижесі төмендегідей:
-
Ерлік Сертай — 30-орын
-
Никита Жулинский — 32-орын
-
Кирилл Павлов — 38-орын
-
Кирилл Проходов — 58-орын
-
Александр Федотов — 95-орын
-
Эльмир Әлімжанов — 98-орын
-
Вадим Шарлаимов — 116-орын
-
Алексей Касаткин — 136-орын
-
Георгий Тинников — 174-орын
Командалық жарыста Қазақстан құрамасы 13-орын алды.


