БОКСТРЕНДТЕ

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер

World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына ұсынылған спортшылардың тізімін жариялады.

Үміткерлер қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының екі өкілі бар.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан аталған номинацияға ұсынылды.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанып отыр. Ол 2025 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленген болатын.

Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» қағидатымен өтеді.

Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button