БАСҚАЛАРЫ
Дмитрий Панарин Астанадағы халықаралық турнирде 1/8 финалға өтті

Астанада өтіп жатқан бадминтоннан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин келесі кезеңге жолдама алды.
Ерлер арасындағы жекелей сында 1/16 финалда Панарин Үндістан өкілі Арья Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.
Ширек финал жолдамасы үшін қазақстандық спортшы 19 желтоқсанда Иран өкілі Нима Ростампурлагалданимен кездеседі.


