ТРЕНДТЕ

ХОК 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ережелерін бекітті

Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған іріктеу жүйелерінің алғашқы топтамасын мақұлдады.

Лозаннада өткен отырыста 26 спорт түрі мен дисциплина бойынша іріктеу талаптары таныстырылып, бекітілді. Олардың қатарына бадминтон, баскетбол және 3х3 баскетбол, велоспорттың бірнеше түрі (BMX, шоссе, трек, маунтинбайк), байдарка мен каноэде есу, ат спорты, семсерлесу, гандбол, көгалдағы хоккей, дзюдо, қазіргі бессайыс, жүзу және ашық суда жүзу, регби-7, желкенді спорт, оқ ату және стендтік ату, таеквондо, волейбол және жағажай волейболы енгізілді.

Қалған спорт түрлері бойынша іріктеу жүйелері 2026 жылдың басында МОК Атқарушы комитетінің қарауына ұсынылады.

Бекітілген ережелердің басым бөлігі алдыңғы Олимпиада ойындарында қолданылып, тиімділігін көрсеткен модельдерге негізделген. Дегенмен барлық іріктеу жүйелері ХОК тарапынан түпкілікті бекітілуі тиіс.

Айта кетейік, Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу жүйесі спортшыларға жолдама алудың кемінде екі түрлі мүмкіндігін қарастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button