БОКСТРЕНДТЕ

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс медаль иеленді.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы ресейлік Исмаил Муцольговпен кездесті. Айқас барысында Аққалықов белсенділік танытып, қарсыласына жиі соққы жасауға ұмтылды. Алайда шешуші сәттерде басымдық Муцольгов жағында болды.

Нәтижесінде Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button