
Дубайда өтіп жатқан Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әлем чемпионатында 5 желтоқсанда Қазақстан құрамасынан үш спортшы өз жекпе-жектерін өткізеді.
Биылғы додаға 95 елдің боксшылары қатысып жатыр. Қазақстан сапында 13 спортшы сынға түсуде.
Турнирдің алғашқы күнінде 92 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрмагамед Юсупов тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ертең, 5 желтоқсанда шаршы алаңға шығатын қазақстандықтар:
- 67 келі: Санатәлі Төлтаев — Жералд Кабинда (Замбия)
- 81 келі: Ерасыл Жақпеков — Зуграна Эбенезер (Буркина-Фасо)
- 86 келі: Дәулет Төлемісов — Сюза Рамон Ботагелло (Бразилия)
Қазақстандық боксшыларға сәттілік тілейміз.



