БАСҚАЛАРЫ

«Жетісу» клубтар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

9–14 желтоқсан аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында волейболдан әйелдер клубтары арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додада барлығы сегіз команда бақ сынайды.

Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы әрі Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) бұл жарыста «А» тобында ойнайды.

Клубтың хабарлауынша, сербиялық бапкер Марко Гршичтің командасы бірінші матчын 10 желтоқсанда Италияның «Савино Дель Бене» клубына қарсы өткізеді. Сол күні қазақстандық волейболшылар Перудің «Альянца Лима» командасымен де кездеседі. Ал 12 желтоқсанда алаң иелері — Бразилияның «Озаску Сан-Кристован» клубымен ойын өтеді.

Әр топтан екі үздік команда жартылай финалға жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button