БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық жас семсерлесушілер Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы өз нәтижелерін көрсетті.
Жекелей сындарда ең жоғары нәтижеге Нұржан Әбжанов қол жеткізді. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.
Қалған қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері:
– Берік Орынбасар — 56-орын
– Нұрмұхаммед Балтабай — 61-орын
– Нариман Уәлихан — 71-орын
– Александр Шешин — 103-орын
– Жанарбек Жанұзақов — 138-орын
– Анварбек Бауыржан — 179-орын
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы 8-орынға ие болды.



