БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық семсерлесушілер Ванкувердегі Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өтетін Әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды.

Әйелдер арасындағы сайыста ел намысын София Николайчук қорғайды.

Ерлер бәсекесіне Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Алексей Касаткин және Александр Федотов қатысады. Олар медаль мен рейтингтік ұпай үшін күреседі.

Жарыс 4–6 желтоқсан күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button