Астанада халықаралық деңгейдегі бадминтон турнирі өтеді

17–21 желтоқсан күндері елордадағы «Beeline Арена» спорт кешенінде Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі ұйымдастырылады.
Бұл жарыс — маусымның маңызды турнирлерінің бірі және Дүниежүзілік бадминтон федерациясының (BWF) ресми күнтізбесіне енгізілген.
Турнирге АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, сондай-ақ Еуропа мен Азияның 40-тан аса елі қатысады.
Astana International Challenge — BWF International Challenge Series халықаралық сериясына кіретін турнир. Спортшылар бұл додадан әлемдік рейтингке қажетті маңызды ұпайлар жинайды.
Көптеген бадминтоншылар үшін бұл жарыс Олимпиада цикліне және ірі халықаралық чемпионаттарға дайындықтың маңызды бөлігі саналады.
Турнирдің Астанада өтуі Қазақстанның әлемдік бадминтон картасындағы орнын күшейте түседі. Ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде дайындалғанын және жастар арасында бадминтонға қызығушылықтың артқанын атап өтті.



