БАСҚАЛАРЫ

Роман Хегай жастар әлем чемпионатында жетінші орынға ие болды

Филиппиннің Манила қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық гимнаст Роман Хегай ат снарядындағы жаттығуда финалға жолдама алып, шешуші кезеңде өнер көрсетті.

Іріктеу кезеңін отандасымыз бесінші нәтижемен аяқтаған. Финалда Роман Хегай 11.733 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша қытайлық Ао Чжен 13.533 ұпаймен чемпион атанды. Франциядан келген Лерой Траоре-Малатре 13.200 ұпаймен күміс жүлде иеленсе, жапониялық Нао Ожима 12.700 ұпаймен үшінші орынды қанжығасына байлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button