БАСҚАЛАРЫ

Алан Құрманғалиев жастар әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Румынияның Клуж-Напока қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында 1/4 финалға өтті.

Аралас жұптық сында Құрманғалиев мысырлық Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма мен Юна Оджио жұбын 3:2 есебімен ұтып, ширек финалға жол ашты.

Келесі кезеңде қазақстандық-мысырлық жұп қытайлық Ли Хэчэн мен Цинь Юйсюаньге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында жарысқа қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button