БАСҚАЛАРЫ
Алан Құрманғалиев әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын таныды

Румынияның Клуж-Напока қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында 19 жасқа дейінгі спортшылар бәсекесін бастады. Турнирге қатысып жатқан қазақстандық Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Жекелей сында Құрманғалиев 1/16 финалда Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риоспен кездеседі.
Аралас жұптық сайыста Алан Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года 1/16 финалда Энрике Риос пен Кристал Мелендес жұбына қарсы ойнайды.
Жұптық бәсекеде қазақстандық спортшы ирандық Беньямин Фараджимен бірге сынға түседі. Олар 1/8 финалда португалиялық Тиаго Абиодун мен румын Юлиан Чиритаға қарсы матч өткізеді.



