БАСҚАЛАРЫ
Геннадий Головкин Қазақстанның Италиядағы елшісімен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин еліміздің Италиядағы елшісі Ерболат Сембаевпен жұмыс барысында кездесу өткізді.
Басқосуда негізгі әңгіме 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындары жайында болды. Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдайтын дүбірлі дода 6-22 ақпан аралығына жоспарланған. Елші Ерболат Сембаев жауапты жарыс кезінде Қазақстан делегациясына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде Геннадий Головкин көрсетілген ілтипат үшін алғыс айтты. Сондай-ақ кездесуде дипломат Головкиннің World Boxing ұйымының президенттігіне ұсынылған кандидатурасын қолдайтынын атап өтті.
Айта кетейік, алдағы қысқы Олимпиада бағдарламасына 16 спорт түрі енгізілген.



