
Қазақстан құрамасының өкілі Сұлтанбек Айбарұлы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы финалда өзбек спортшысы Жасурбек Юлдашевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогының ақтық кезеңінде чемпион атанды.



