ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жеңіл атлет Ирина Сизова Ислам ынтымақтастығы ойындарында төртінші орын алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлетика бағдарламасы басталды. Биіктікке секіру сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Сизова үздік төрттіктің қатарынан көрінді.
Отандасымыз 1,77 метр нәтижесін көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді.
Жарыста 1,84 метрге секірген өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева жеңімпаз атанды. Дәл осындай көрсеткішпен гвинеялық Фатумата Баллей екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын 1,81 метр нәтижесін тіркеген Валерия Горбатоваға (Өзбекстан) бұйырды.



