БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық ушу шеберлері Ислам ынтымақтастығы ойындарын бір жүлдемен аяқтады

Қазақстан ушу құрамасы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өнерін қорытындылады.
Жарыста еліміздің намысын қорғаған Рафхат Зерипов 70 келіге дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қырғызстан өкілі Аброр Хакимовпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына жол берді. Нәтижесінде Зерипов жарысты үшінші орынмен аяқтады.



