БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медаль жеңіп алды

Каирде (Мысыр) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жолы ерлер командасы 25 метрге тапаншамен ату бойынша командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Қола медальді Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков жеңіп алды.

Алтын медаль Оңтүстік Корея құрамасына бұйырса, күміс жүлдені Қытай командасы иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы 50 метрге мылтықпен үш қалыпта ату жарысында үшінші орын алып, Қазақстанға алғашқы қола медальды сыйлаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button