БАСҚАЛАРЫ
Зәуреш Ақашева Польшадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшаның Гданьск қаласында өткен WTT Feeder Gdansk халықаралық турнирінде жүлдегер атанды.
Ақашева турнир барысында Израиль спортшысы Элинора Давыдованы, поляк теннисшісі Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.
Бірақ жартылай финалда жапондық Хитоми Сатомен кездесіп, қарсыласынан оңайшылықпен айла асыра алмады. Осылайша қазақстандық теннисші жарысты қола медальмен қорытындылады.



