БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық жүзгіштер Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы кешенді эстафетада (4×100 м) күміс медаль иеленді.
Құрама сапында Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя өнер көрсетті. Отандастарымыз қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті.
Жарыстың жеңімпазы — Түркия құрамасы (03:40.56), ал Индонезия үшінші орынға табан тіреді (03:44.07).



