ТРЕНДТЕ

Геннадий Головкин Сауд Арабиясының ханзадасымен кездесті

Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясы Олимпиадалық және Паралимпиялық комитетінің президенті, елдің спорт министрі, жоғары мәртебелі ханзада Әбдулазиз бин Түрки әл-Фейсал әл-Саудпен кездесті.

Кездесуде тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және қысқы спорт түрлерін дамыту бағытындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ бұрын Астанада өткен бірлескен дайындық жиындарының оң нәтижелері атап өтілді. Бұл тәжірибе Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында айқын байқалғаны айтылды.

Келіссөздер барысында бокс саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сауд Арабиясы тарапы World Boxing халықаралық федерациясының президенті лауазымына Геннадий Головкиннің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты әріптестікті әрі қарай дамытуға уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button