БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан үстел теннисінен Португалияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Vila Nova de Gaia 2025 халықаралық турнирі өтеді.
Бұл бәсекеде Англия, Бразилия, Германия, Италия, Жапония, Франция және басқа да 20-дан астам елдің спортшылары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасынан Владислав Захаров, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева қатысады.
Олар жекелей, жұптық және аралас санаттарда өнер көрсетеді.



