Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы келесі спортшылармен өнер көрсетеді: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина.

Құрама мүшелері жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда бақ сынайды. Бұдан бөлек, ерлер командасы командалық есепте жүлделі орын үшін күреседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button