ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне дайын

9-12 қазан аралығында Канададағы Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл турнир 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды кезеңдердің бірі болмақ.
Қазақстан құрамасының сапында 11 спортшы ел намысын қорғайды:
Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек.
Айта кетсек, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу сипатында өтеді. Дәл осы кезеңдердің қорытындысы бойынша елдерге 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталары үлестіріледі.