
Қазақстан құрамасының Иорданияда өтетін триатлоннан Азия чемпионатына қатысатын спортшыларының алдын ала тізімі белгілі болды. Құрлық біріншілігі 26 қарашада Акаба қаласында ұйымдастырылады.
Жарияланған тізімге Қазақстаннан сегіз триатлоншы енді. Олар ерлер мен әйелдер арасындағы спринт қашықтығында бақ сынауды жоспарлап отыр.
Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:
-
Аян Бейсенбаев
-
Арлан Жаңабай
-
Максим Шмулич
-
Темірлан Теміров
-
Дарын Қонысбаев
-
Егор Крупяков
-
Алуа Нұрмұхамет
-
Диана Ержанова
Ұлттық құрама сапындағы Егор Крупяков жақында Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алған болатын.
Ал Арлан Жаңабай биыл Жапонияда ұйымдастырылған Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.
Азия чемпионаты 26 қарашада өтеді. Ұйымдастырушылар жариялаған қатысушылар тізімі әзірге түпкілікті емес, сондықтан жарыс басталғанға дейін Қазақстан құрамасының сапында өзгерістер болуы мүмкін.



