
Футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі Түркістан қаласында өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады.
Бастапқыда шешуші матчты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда финалдың өтетін орны өзгеріп, «Түркістан Арена» стадионы таңдалды.
Биыл Қазақстан кубогының жеңімпазы атағына шымкенттік «Ордабасы» мен қызылордалық «Қайсар» таласады.
Финалдық кездесу 7 қарашаға жоспарланған. Матчтың басталу уақыты әзірге нақтыланбаған.



