
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алғашқы финалистер белгілі болды. Әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, он салмақ дәрежесінде алтын медальға таласатын спортшылар анықталды.
Шешуші кезеңге Қазақстан құрамасының тәжірибелі мүшелерімен қатар, жас боксшылар да жолдама алды. Олардың қатарында әлем чемпионы Назым Қызайбай, сондай-ақ Аида Әбікеева, Виктория Графеева және Елдана Талипова бар.
Финалдық жекпе-жектердің жұптары:
-
48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Гүлназ Бөрібаева
-
51 келі: Анита Адишева – Жансая Рахымберді
-
54 келі: Назым Қызайбай – Элина Базарова
-
57 келі: Шахназ Исаева – Ұлжан Сәрсенбек
-
60 келі: Виктория Графеева – Анар Тұрсынбек
-
65 келі: Аида Әбікеева – Лаура Есенгелді
-
70 келі: Бақыт Сейдіш – Аружан Жаңабаева
-
75 келі: Шұғыла Нәлібай – Азиза Исина
-
80 келі: Надежда Рябец – Айдана Убайдуллақызы
-
80 келіден жоғары: Елдана Талипова – Дина Исламбекова
Жартылай финалда жеңіліс тапқан 20 боксшы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қола медаль иегерлері:
-
48 келі: Айым Танкибаева, Анель Құдайберген
-
51 келі: Елянур Тұрғанова, Томирис Мырзакул
-
54 келі: Жайна Шекербекова, Сымбат Әлиасқар
-
57 келі: Карина Ибрагимова, Алина Құдайгенова
-
60 келі: Римма Волосенко, Аяжан Ермек
-
65 келі: Назерке Серік, Ақнәр Ишанова
-
70 келі: Анастасия Баязитова, Дана Дидай
-
75 келі: Жібек Жарасқызы, Жасмин Қизатова
-
80 келі: Гүлсая Ержан, Құралай Егінбайқызы
-
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова, Әсел Тоқтасын
Осылайша, әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он салмақ дәрежесінде 20 боксшы алтын медаль үшін таласады. Финалдық кездесулерде ел чемпиондары анықталады.



