ДЗЮДО
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев екінші айналымда Жапония өкілі Такеши Такеокамен белдесіп, қарсыласына жол берді.
Осы салмақта сынға түскен Ақылжан Жұбатқанов Тәжікстан өкілі Нурали Эмомалимен кездесіп, жеңіліс тапты.
Осылайша, Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.



