БОКС
Қазақстан бокс федерациясы бірқатар маманды марапаттады

Павлодар облысының Баянауыл ауданында еңбек сіңірген жаттықтырушы Азымбек Абжановтың құрметіне жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.
Жарыс аясында отандық боксты дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар маманға Қазақстан бокс федерациясының төсбелгілері табысталды.
Қазақстан Республикасының боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Жарбол Орынбасарұлы, Ержан Бекишев, Олжас Ержанов, Мадияр Әлімхан, Нартай Ибадулла, Нұрлыхат Өтеппергенов және Жақсылық Молдаханов марапатталды.
Сондай-ақ Азымбек Абжановқа «Қазақстан Республикасы боксының ардагері» төсбелгісі табысталды.



