ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Аяна Болатбекқызы жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыншы орын иеленді

Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті.
800 метрге жүгіруден өткен шешуші жарыста қазақстандық спортшы 2:11.35 уақыт көрсетіп, мәреге алтыншы болып жетті.
Бұл бағдарламада алтын медальді Өзбекстан өкілі Джонбиби Хукмова 2:08.41 нәтижесімен жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялық Куруми Сугурэге (2:09.42) бұйырса, қола медальді үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром (2:10.20) иеленді.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты Қытайдың Ордос қаласында жалғасып жатыр.



